ОТЫЗ

lat: OTYZ

сан. Жиырма тоғыздан кейінгі есептік сан.

Қырықтан соңғы иманым

Отыз жылдай жиғаным.

Көп ғалымның сөзінің

Ақылға алдым сыйғанын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Шілде сорып соры шыққан отыз қаралы төмпешіктің арасында тыпыршығанына сағат жарымнан асып кетті (А.Сүлейменов, Бесін).

Күндіз-түні бірдей қайнаған өмірмен араласып отыз күннің қалай тез өте шыққанын да сезгем жоқ (Ә.Әбішев, Замана.).

Жиырма бес бар ма маңайда

Жайқалған жасыл құрақтай?

Отыз, кеттің алыстап,

Толықсыған сынаптай (Дулат Бабатайұлы, Замана сазы.).