ОТЫЗДАЙ

lat: OTYZDAI

сан. Отыз шамасындай, отызға жуық.

Көмекке келген отыздай әскер де жетті (А.Жүнісов, Өмір ізі).

Отыздай адамменен Кәрібай жетті,

Айқайдан айдаланың есі кетті.

«Мен Кәрібай, қаныңды ішем, Әмірхан» деп,

Айқасып ақ сойылмен салып өтті (И.Байзақов, Құралай.).