ОТЫЗЫНШЫ

lat: OTYZYNSHY

сан. Жиырма тоғыздан кейінгі реттік сан.

Осы «Мысқазғанға» біз сонау аумалы-төкпелі отызыншы жылдары Атбасар қаласынан келдік (I.Есенберлин, Алтын құс).

Шолоховтың отызыншы жылдардағы істеген азаматтық бір ерлігі елімізге мәлім (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Кәліктіп боласың деп бір ғана Керекудің маңына жиырма жеті ауыл қамаған екен, отызыншының аштығында солар түгел қырылып, бірен-саран қала сағалағандары, аяғынан жүре алғандары Алтай өлкесіне ауып аман қалса керек (Қ.Ысқақ, Күреңсе.).