Өз үйім өлең төсегім

lat: Óz úıim óleń tósegim [óz úıim, keń saraıdaı boz úıim]

Әркімге туған үйі, тұрағы қымбат деген мағынада.

Жиренше шешен хан ордасынан үйіне келіп, күркесінен аяғы, көрпесінен сирағы шығып жатып, «айқай, өз үйім, кең сарайдай боз үйім» дейді екен (Қазақ ертегілері).

Тянь-Шань, Гималай, Памир сияқты асқарлармен салыстырғанда, шынында да тау емес, тақия дөңдер ғана. Бірақ өз үйім, өлең төсегім дегендей, бұл менің туған жерім (Қаз. тілі фраз. сөзд.).