ӨЗЕКТІ

lat: ÓZEKTİ

2 сын. 1. Сабағының ортасы қуыс, өзегі бар (өсімдік).

Шөптесін өсімдіктер өзек құрылысына қарай қуыс өзекті, жұмсақ өзекті және шымыр (бітеу) өзекті болып үшке бөлінеді (Т. Мұсақұлов, Ботаника).

2. ауыс. Ең басты, негізгі, маңызды, келелі (мәселе).

Елдің алдында тұрған аса өзекті міндеттерді анықтаудағы қытай стратегтерінің жеделдігі қайран қалдырады («Жұлдыз).

Зейнетақы және басқа да жұрттың арқасында аяздай батып жүрген өзекті жайлар толығымен шешілді («Жас Алаш»).

Мақаладағы өзекті ой «Туған жердің құс екеш құсы да көзге ыстық көрінеді» дегендік (М. Әлімбаев, Өрнекті сөз.).