ӨЗЕКТІЛІК

lat: ÓZEKTİLİK

зат. Маңыздылық, келелілік, мәнділік, қажеттілік.

Өзбекстандағы бірнеше миллиондаған қандастарымыздың хал-жағдайына көңіл аудару мәселесі, олармен байланысты жан-жақты салаларда (білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдени және экономикалық салаларда) нығайту мәселесі әлі де өзінің өзектілігін, маңыздылығын сақтап отыр («Жас Алаш»).

Өмірдің өзі бұл бастаманың өзектілігі мен қажеттігін алға тартты, дегенмен алғашында оны Ресей және ТМД-ның өзге де мемлекеттері іске аспайтын «утопиялық» деп қабылдағаны рас («Жұлдыз»).