ӨКІНУ

lat: ÓKİNÝ

Өкін етістігінің қимыл атауы.

Өткен іске өкінумен қатар соның орнын толтыра білу керек («Лен. жас»).

Құр өкінуден бөтен қолымнан не келеді (I.Есенберлин, Алтын құс).

О, тіршілік, зымыраған,

Түбіңе кім жетеді?

Мың жасасын, ғұмыры адам

Өкінумен өтеді (Б.Әбдіразақов, Жарық дүние).

// псих. Істелген әрекеттің қателігін, адамгершілікке жат немесе қылмысты болуы салдарын сезініп, ар-ождандық күйзеліс күйін білдіретін ой нәтижесі.