ӨНДІРУШІ

lat: ÓNDİRÝSHİ

зат. 1. Белгілі бір өнім өндіретін кәсіпорын, ұжым, адам.

Басында бірыңғай астық өндіруші болып құрылған «Пермь» совхозы келе-келе ірі қара совхозына айналыпты (Абзал жандар).

Мұндағы тұз өндірушілердің поселкасын да жұрт сольветка деп атап кеткен (Қ.Исабаев, Арман.).

Ол ауданның, облыстың көлемінде мол астық өндіруші боп танылған (Т.Нұртазин, Адам бекерге жасамайды).

2. экон. Пайда алу мақсатымен тауар дайындайтын немесе қызмет ұсынатын кәсіпорын.