ӨНЕРПАЗДЫҚ

lat: ÓNERPAZDYQ

зат. 1. Әншілік-бишілік, өнерлілік.

Қазіргі қария ақындардың айтуына қарағанда ақындық, өншілік, өнерпаздық дәстүр жағынан сал мен серілердің арасында айырма аз (Е.Ысмайылов, Ақындар).

Мектептегі өнерпаздық үйірмелерге ол белсене қатысып, ысылып, төселіп қалса керек (О.Сәрсенбаев, Даңқ).

Суретші, артист, күйші, жазушылар Сайраған ұлы Отанда бұлбұл тілші. Өрлеген өнерпаздық өмірімде, Маржандай көкірегімнен жыр төгілші (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

2. Алуан істі істей алатын қабілеттілік, өнерлілік. Буырқанған дүние дүлейі мен аңсаған арман, суреткерлік мұрат, өнерпаздық құдірет астасып жатыр (3.Серікқалиев, Ақыл.).

Оқыған, білген жаңалықтарды жинақтап, әр гүлден нәр алып, бал салған арадай ол өзінің өнерпаздық ойын саралап жұмсады (М.Иманжанов, Менің махабб.).