ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚ

lat: ÓNERTAPQYSHTYQ

зат. Техника жетістіктерінен жаңалық ашу я табу қабілеті.

1958 жылы Республика бойынша өндіріс жаңашылдары 40 мыңнан астам өнертапқыштық және рационализаторлық ұсыныстар енгізді (А.Нұрханов, Мызғымас.).

Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеті математика кафедрасының меңгерушісі Х.Байшағырова баламалы электр қуатын өндіру жөніндегі өнертапқыштық ізденістері үшін республикалық конкурстың жеңімпазы атанды («Егемен Қазақстан»).

Мұндай абзал әйелдердің жаңашылдығы мен өнертапқыштықтарына қалай сүйсінбессіз («Қаз. әйелд.»).