ӨТКІЗУШІ

lat: ÓTKİZÝSHİ

зат. 1. Сатушы, сатып алуға табыстаушы.

Дайындаушы кәсіпорындар тұтынушылар тапсырысты көп көлемде бергенде, делдалдар жоқ болғанда, басқа да жағдайларда өткізу қызметімен өзінің өткізу кеңселері, өткізуші агенттері арқылы айналысады (Қаз. тілі термин. Экономика).

Сәрсен сүт өткізушілердің қасына кідірді (Т.Тілеуханов, Өмір.).

2. Атқарушы, жүзеге асырушы.

Киіз үйге тың игерушілер тойын өткізуші аудан басшылары кіре бастады (Ж.Молдағалиев, Тыңдағылар).

Күйеудің ойынын, яғни той қызығын өткізушілерді сатып алушылар дейді (Ж.Молдағалиев, Ескі дос).