ӨТІНІШ

lat: ÓTİNİSH

зат. 1. Арыз, тілек, қалау, сұрау.

Менің сенен бір өтінішім, қарағым, бізге арнайы келіп малшылардың тұрмысын өз көзіңмен бір көрсең (Ә.Әлімжанов, Махамбет.).

Жылау да сылтау, күлулер,

Өкініш пенен өтініш,

Тірліктің құны білінер,

Толысып ойың, бекіп іш (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Ғанидың өтініші бойынша шақырылған қазақ жастары өкілдерінің мәжілісі өтті (Ш.Өтепов, Ғани Мұратбаев).

Сонда айтқан өтінішің осы емес пе,

Қаймығып, қаралайсың неге нахақ? (Айтыс).

2. ресми. Ресми қатынаста бір жақтың немесе тараптың екінші жаққа жазбаша түрде рәсімдеп білдірген сұрауы, арыз-талабы.

Өтініш жазып, жұмысқа алуды сұрадым (“Қаз. әдеб.”).

Өтініштің бірнеше түрі олады. Ол азаматтық құжаттар типіне жатады (Іс қағаздар.).