ПАЙДАКҮНЕМДІК

lat: PAIDAKÚNEMDİK

зат.Болмашы нәрсені пайда көрушілік, олжа етушілік, пайдақұмарлық.

Жұмағұлдың шешесі Қамария жас күнінен шаруақорлықты сараңдыққа жеткізген, күтімділікті пайдакүнемділікке жеткізген, мінезі қатты, дүниеге пысық бәйбіше болатын (М.Әуезов, Шығ.).

Үшінші, орысша, впечатлительность сердца дейді, яғни жүректі мақтаншақтық,пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық бұл төрт нәрсемен кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық раушан болып түседі (Абай, Тол. жин.).

Ал пайдакүнемдік, құрметсүйгіштік, мақтанқұмарлық сипаттарына келсек, олардың көбінде бұл қасиеттер күшті болып жолығады (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Бала, сен жас басыңнан мұндай пайдакүнемдікті кімнен үйренгенсің? деп, Сейфолла мені сөгіп тастады (Ө.Көшімов, Қарт аңшы.).