ПАЙДАЛАНУ

lat: PAIDALANÝ

Пайдалан етістігінің қимыл атауы 1. Қажетіне, игілігіне жарату.

Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы (ҚР Конституциясы).

Еңбекті, жерді пайдалануда олақтық әлі көп, деді Жомарт (Ғ.Мұстафин, Жиырма бес).

Осы типтес жер асты суларын емдік мақсаттарда п а й д а л а н у д ы ң, олардан жеке элементтер мен қосылыстарды бөліп алудың, бұл суларды жылу көзі ретінде пайдаланудың мәселелері зерттелуде (К.Сапарбайұлы Геология және гидрогеология негіз.).

2. Біреуді өз керегіне, дегеніне жүргізу.

Әкімшілк етіп, үкімет басына отырып, қараңғы ұйымдаспаған елден пайдалану оңай екендігіне түсінген атқамінерлер арасында егес туады (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам).

Ия, Барақ сұлтан бізге де дос емес, «қол астына кірдік» деген анты құр шығарып салма сөз. Шын беріліп жүрген ол жоқ. Әбілқайырды өлтіруге, міне, осы Барақ сұлтанды пайдалану керек (І.Есенберлин, Шығ.).