ПАЙДАЛАНУШЫ

lat: PAIDALANÝSHY

зат. Белгілі бір затты пайдаға асырушы, керегіне, қажетіне жаратушы.

Сондай дүрбелеңнен ел ішінде мылтық, қол пулемет сияқты қарулар да қалып қойып, оны жинап алып, кейбір жағдайда пайдаланушылар да табылып қалатын (С.Бегалин, Замана.).

Есеп комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2003-2004 жылдары іске қосылған 21 объектіні коммуналдық меншікке беру туралы және суды пайдаланушы ұйымдарға берудің жедел механизмін әзірлеу мен жергілікті халықтың төлеу мүмкіндіктерін ескере отырып сататын ұйымдардың суды субсидиялау мүмкіндіктерін қарау туралы ұсыныстар берілді («Егемен Қазақстан»).

Және ол компанияның қаржылық жағдайы, қаржы қызметінің нәтижелері, сондай-ақ қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы оны пайдаланушы үлкен қауым үшін нақпа-нақ хабар беретін ақпарат жүйесін құрайды («Түркістан»).

Табиғатта да, техникада да энергияны пайдаланушыға сымсыз жеткізудің мысалы жоқ емес (М.Сәрсекеев, Жетінші.).