ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ

lat: PAIDALANÝSHYLYQ

зат. 1. Белгілі бір затты пайдаға асырушылық, қажетке жаратушылық.

Суды бейберекет пайдаланушылыққа тыйым салуымыз қажет (Ұ.Бағаев, Жан.).

Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен оның творчествосы екеуі екі дүние. Рас, кейде онда көз көрген өмір фактілерін қарадүрсін пайдаланушылық жиі ұшырасады (Р.Тоқтаров).

2. Жеке басының қамына, өз дегеніне жүргізушілік.

Әр түрлі себептерге байланысты осы сөз бостандығы жетістіктерін кейде стихиялы, бей-берекет, кейде қасақана түрде қоғам үшін теріс бағытта пайдаланушылық үрдісінің де барлығы байқалады (“Түркістан”). Коммерциялық құрылымдардың қызметкерлерімен өзге де ұйымдардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған жағдайда мемлекеттік органдар мүддесіне ондай нұқсан келмейді және олардың әлсіреуіне әкеліп соқпайды. Әрине, осындай өкілеттіктерді теріс пайдаланушылық көп материалдық шығынға ұшыратады және басқа да ауыр жағдайға душар етуі мүмкін, ал ол үшін сол коммерциялық және өзге ұйымдардағы кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылуы тиіс (“Парасат”).