ПАЙЫЗ

lat: PAIYZ

зат.жаңа. Бүтін ретінде алынған қандай да бір заттың жүз бөлігі, процент.

Ал, жердің бағасы құнарлығы мен тиімділігіне орай әркелкі. Сондай-ақ, әр шаруа өзі тұратын адамның бір пайызынан артық жер сатып ала алмайды (“Жас Алаш”).

Қазіргі ғылымның тұжырымдауынша адам зерделігінің (интеллект) 60 пайызы 5 жасқа дейін, 75-80 пайызы жеті-сегіз жасқа дейін… (“Жас алаш”).

Өткен жылы халықтың, экономикалық белсенді тобы облыста 8пайызға өскен («Егемен Қазақстан»).

Себебі, энергетиканың осы саласының даму жоспары бойынша АҚШ-та, Жапонияда және ЕО елдерінде энергетиканың жалпы балансында оның өндіретін үлесі 2020 жылы 15 пайызды құрайды екен. Бұл өз кезегінде кремний өндірудің жаңа көздерін талап етеді («Егемен Қазақстан»).

Тәуелсіздік алған 10 жылдан бері еліміздің экономикасына 12 миллиард доллардан астам қаржы тартылды, ал оның 40 пайызынан астамы мұнай-газ саласының үлесінде («Егемен Қазақстан»).