ПАЙЫЗТОРҒАЙ

lat: PAIYZTORǴAI

зат.зоол. Дене тұрқы 1316 см, салмағы 1622 г. тау шымшық тұқымдас торғайлардың бір түрі.

Пайызторғайлар арамшөптердің тұқымдарын, зиянкес жәндіктерді құртып, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді

(ҚҰЭ).

Пайызторғайлар өсімдік дәнімен, жәндіктермен қоректенеді. Ұясын ағаш басына салады (ҚҰЭ).

Пайызторғай әр түрлі дәнге қосып шоңайнаның тұқымын, ошаған мен түйетікеннің тұқымдарын, құмырсқаның ұрығын береді. (Ж.Байжанова).

Пайызторғай, Европа Солтүстік Африка мен Азияда тараған. Қазақстанда Көкшетау, Іле, Талас Алатауында, Алтайда кездеседі (ҚСЭ).