ПАЛАУ

lat: PALAÝ

зат. Ішіне ет, сәбіз, мейіз сап, күріштен басқан, шығыс халықтарының аса дәмді тағамы.

Онан соң бір қалаға тағы келді, «Нан жоқ болса, палаудан бер» деп енді. «Палау деген ұлық па, хайуан ба, Оны біз білмейміз», деп жауап берді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Палауды майға пияды қыздырып, мал етін (көбіне қой етін), сәбіз қосып, күріш салып бұқтырып әзірлейді (ҚҰЭ).

Палау ұлттық тағам; майға пиязды қыздырып, мал етін (көбіне қой етін), сәбіз, өрік не мейіз қосып, күріштен бұқтырып пісірілетін түркі халықтарының ұлттық тағамы; кейде ет қосылмай, мейіз салып пісірген тәтті палау деп аталатын түрі болады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).