ПОШТА

lat: POSHTA

зат. Хат, ақша, газет-журнал, посылка т. б. заттарды бір жерден екінші жерге жеткізу ісімен айналысатын мекеме.

Біреулер керуенге мал айдауға, біреулер тас көмір қазуға, біреу тұзға, біреулер пошта тасуға кірісіп, қайтсе жан қалудың қамын істеуде (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Пошта жолынан жүздеген шақырым жердегі көштің сүрлеуімен өтетін алыс сапарға қамдана бастадық (Қазақтар хақында).

Поштаданқызға тиді жазылған хат, Қыз бұған оқып көріп болмады шат. Онегиннің ой өртейтін ауған көңілі, Бұл сөзге беру керек не дәләлат? (Ә.Найманбаев, Шығ.).

2.инф. <ағыл. mail> Компьютер желісін пайдаланушылар арасында хабарларды сақтау, алу және жіберу жүйесі (Қаз. тілі термин. Информатика.).