РЕНЖУ

lat: RENJÝ

Ренжі етістігінің қимыл атауы.

Көңілі қалушылық, кеюшілік, налушылық, қапалнушылық, кейістену. Камизиннің қабағы жабыңқы, түсінде ренжу(Б.Майлин, Шығ.).

Нендей ауыр, зілді сөздер айтылса да, ренжуді, кек тұтуды білген емес-ті (Бәйшешек).

Ренжу кірсе көңілге, Сөндірер шамды дауылдай (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).