РУХАНИЯТ

lat: Rýhanıat

зат. Жан-дүние, діл, ақыл-парасат, рухани дүниеліктер.

Олардың қатарына руханият пен мәдени мұра жатады. Ал осы негіз қалаушы құндылықтардан айырылып қалмағанымыз біздің ең басты байлығымыз болып табылады («Егемен Қазақстан»).

Руханияттың тың серпілістерін Қошқар ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің өмірінен де байқадық. Ұжым жетекшісі мектеп мәселесін ауыл мәселесімен ұштастыра ойлайтын білікті азамат болып шықты (“Егемен Қазақстан”).

Ең өкініштісі, руханияттың тетігі «заман менікі» деп, кеудесін соққан шалазерделілердің қолында қалды («Жұлдыз»).