САЛДАР

lat: SALDAR

зат. Нәтиже, себеп, әсер.

Психология «Жан қуаттары», «Сана туралы», «Жан құбылыстары» туралы сөйлейтін пән деген сөз тәжірибелі психологияларда көп жолығады. Бұл ненің салдары ? Бұл бұрынғы құрғақ даналыққа сүйенгеннің салдары, ескінің сілемі әлі де қалмағандық (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Ағылшынның кемеңгер (гениальный») математигі әрі физик ғалымы Ньютон деген адам әрбір құбылыс уақыттың салдарынан өзгереді деп әлдеқашан айтқан. Бұл өзгермейтін заң болып отыр. Ендеше уақыттың салдарынан адамның қылығы да өзгереді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Көріп кет, келіп, Сәке, жан барында, Жан жатыр жергілікті аңғарында. Атыңды, сипатыңды сан жат еттім, Сарсылтып дерттің қысқан салдарында (О. Шораяқов, Шайыр.).