САЛТ

lat: SALT

2 үст.

1. Жеке, жалғыз; бір өзі.

Олар салт  қыдырып кетті (Г.Сыланов, Асау арна).

Салт адам атын байлап, бүркітті жерге қондырып, көзіне шалынған үш кісіге сылбыр аяңмен жақындады (С.Мұқанов, Шығ.).

Төрт жүздей адам, бәрі с а л т (С.Шарипов, Бекболат).

2. Жүгі жоқ.

Жүк артылмаған салт түйе сағатына 4,5-6 км жол жүреді (И.Жұмағұлов, Түйе өсіру).