САЛТАНАТТЫ

lat: SALTANATTY

сын.

1. Сәнді, сәулетті.

Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты  байлардың Самаурыны бұрқылдап (Абай, Тол. жин.).

Отырған жері күлкі базар еді, Сауықтың салтанатты ажары еді. Әншілік, ақындықпен туа біткен, Сиқырлы ойындары ғажап еді (С.Мәуленов, Алыс кет.).

2. Әскери, мерекелік.

Салтанатты сапта тұр. Ашық аспан мөлдіреп, Күн төгеді шұғыла нұр (Ахметов).