САРАПТАМАЛЫҚ

lat: SARAPTAMALYQ

сын. Сараптамаға қатысты, сараптамамен байланысты.

Бұрын тәп-тәуір еді, сайлаудан кейін «Қазақстан» ұлттық арнасы, оның ішінде «Мезгіл» сараптамалық бағдарламасы бір жамбастап жатып қалды («Жас Алаш»).

Себебі бұл мәселеде мемлекеттің құзырлы лауазым иелері бірден-бір компетентті саналатын ғылыми-зерттеу мекемесінің сараптамалық қорытынды тұжырымына сүйенетіні аян («Түркістан»).