САРҚЫРАМА

lat: SARQYRAMA

зат. Биіктен құлай аққан су.

Тұмсық айналған сайын биіктен құлап түсетін сарқырамалар бар (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).

Мен Қызыл-қайың сарқырамасының жағасындағы кәрі қайыңның түбінде ойға батып отырамын (О.Бөкеев, Қамшыгер).

Қаратал екіншісі, басы Шажа,

Шажадан Көксу аққан сарқырама.

Текелі, Тентек, Быжы тағы да бар,

Олар да қосылады Қараталға (Қара өлең).

2. геогр. Өзен арнасын қиып өтетін кертпештен өзен суының құлап ағуы.

Сарқыраманың суы бірнеше кертпештерден күрілдеуік құрап құлауы мүмкін (Қаз. тілі термин. Экология).

Дүниe жүзiндeгi аса ipi capқыpaмaлap: Oңтүcтiк Aмepикaдaғы Aнxeль (биiктiгi 1054 м), фpикaдaғы Tyгeлa (биiктiгi 933 м) жәнe Виктория сарқырамалары (биiктiгi 119 м) (Қаз. тілі термин. Сушар.).

Ниагарды талай заманнан бері дүние жүзіндегі ең үлкен сарқырама деп келген-ді (Ғалам ғажап.).