САРЫМАҚ

lat: SARYMAQ

зат. Жолбарыстың күшігі.

Құдай жарылқады деп түсіп, енді зытқалы тұрсам, артымда сарымағы бар әлгі шұнағым қайтып келе жатыр (Б. Қыдырбекұлы, Жолбарысты жаралаған Бақай// «Алматы ақшамы»).

Сөйтсем, бұл өлекшін әбден әккі қу екен. Өзі жем іздеу үшін ағаштың түбіне едәуір есейіп қалған, азу тісі болғандай сарымағын қарауылға қойып кетті (Б. Қыдырбекұлы, Жолбарысты жаралаған Бақай// «Алматы ақшамы»).