lat: SARYSHAIaN
зат. зоол. <лат. sсоrріоnеs > Ұзындығы 1 см-ден 20 см-ге дейін жететін денесі баскеуде және құрсақ бөлімдерден тұратын өрмекшітектестердің бір отряды.
Саршаянның құрсағы екіге бөлінген: алдыңғы және артқы, ұшында имек, үшкір шаншары бар көбікше орналасқан, оның ішінде екі улы безі бар (Қаз. тілі термин. Биология).
Саршаянның уы ұсақ жануарларға қауіпті. Тропиктік, субтропиктік аймақтарда, сондай-ақ Орталық Азияда, Қазақстанның оңтүстігінде көбінесе шөлді құмдарда мекендейді (Қаз. тілі термин. Биология).