САЯХАТ

lat: Saıahat

зат. 1. Зерттеу не танысу, аралап көру мақсатымен алыс бір жерге ел аралауға шыққан сапар.

1500 шақырымға созылған саяхат Канада елінің жағдайы жөнінде көптеген мағлұматтар берді (I.Омаров, Серпін).

Страбон заманында көп біліп, белгілі жерлерді көп аралап, талай-талай саяхат жасаған ғалым (Н.Баяндин, Геогр. ашу.).

Машина ала алсақ, біз бұлай отырмаймыз, Глаша, жер-дүниені шарлап, саяхат жасар едік (К. Тоқаев, Түнде.).

2. Бой жазу, демалыс ретінде айнала-маңда өткізілетін серуен, сейіл.

Саяхатта жүрген жастар мөлдір бұлақ жағасына, көркем терек саясына көп отырып дем алатын (С.Ерубаев, ПІығ.).

Осы маңға белгілі Шуақ мерген колхоз балаларының өтініші бойынша оларды саяхатқа алып шыққан (Ғ.Сыланов, Замана.).

Үлкеншарын ауданының оқушылары жүз шақырым жолды артқа тастап, жаяу-жалпылы Маралкөлге саяхат жасап келеді екен (О.Бөкеев, Мұзтау).