САЯХАТТА

lat: SaıahatTA

ет. 1. Алыс жерге сапарға шығу, ел аралау.

Сол қадірлі ағамыздың су үстіндегі жолымен де саяхаттап қайтсақ деп отырмын (К.Оразалин, Абай.).

Біздің елімізге саяхаттап келетін туристердің арасында елімізге қарсы пиғылдағы адамдар, тіпті империализмнің агенттері де болады («Қазақст. мект.»).

2. Сейіл құру, серуендеу.

Колхозшылар қайнаған ыстықта жұмыс істеп жатқанда «Победамен» егісті аралап, саяхаттап жүруге бола ма (С.Мәуленов, Жер нәрі).

Алғыр кұс атқыш мерген бар.

Саяхаттап сайран сал,

Ұнатып елден сұлу сүй,

Лебізі тәтті, шәрбәт бал (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

3. ауыс. Терең бойлау, жан-жақты игеру.

Саяхаттап білім кенін кештік достар өмір сырын.

Дауылпаздай қанат қаққан.

Оқыдық біз Горкий жырын (С.Адамбеков, Өмір тойы).