СӘБІЗ

lat: SÁBİZ

з а т. 1. Дәмі тәтті, қызғылт-сарғыш түсті біржылдық бақша өсімдігі. Өзенді бойлап қияр, капуста, с ә б і з егетін бақшаға орын бөлінді (М.Қаратаев, Далада.). Бұл жай осылай болған соң, совхоз орталығынан помидор, сәбіз, қарбыз өсімдігін де көруге болмайды екен (Қ.Ұябаев, Қырда.). «А» витамині балық майында, уылдырығында және тамыр жемістерде, әсіресе, с ә б і з д е, жас көк шөпте, сүрлеген өсімдіктерде бола-ды (Т.Күлтебаев, Қой төлі.). 2. ө с. <лат. daucus> Тағамдық және малазықтық сорттары бар шатыршагүлділер тұқымдасына жататын өсімдік туысы. Тағамдық с ә б і з д і ң тамыр-жемісі құрамында 88,8% су, 1,1% азотты заттар, 0,2% май, 9,2% көмірсу және витаминдер бар (Қаз. тілі термин. Тамақ.). С ә б і з д і қазіргі уақытта А витамині мен каротин алу үшін негізгі өсімдік ретінде пайдаланады (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.). С ә б і з д і ң жапырақтары күрделі қауырсынды (ҚҰЭ).