СӘЛЕМ1

lat: SÁLEM1

з а т. 1. Адамды күні бойы алғаш рет көргенде сыпайылық әдеті бойынша амандық, есен-саулық сұрасып амандасу рәсімі немесе осы рәсімде қолданылатын тілек, лебіз сөз. «Аурудың емі - саудың с ә л е м і» деген қазақта аталы сөз бар. Науқастанып жатқан адамның көңілін сұрау, оған жәрдем беру зор адамгершіліктің белгісі («Жалын»). Бір көргенге қырық күн сәлемақал). Күн жауарда көк аспан бұлттайды, Алыс жүрсе ағайын суықтайды. Бір күн жолдас болғанға қырық күн с ә л е м, Ер азамат шын досын ұмытпайды (Қара өлең). Үйде екі әйел бар екен, келген адамдардың с ә л е м і н е екеуі де жауап қатпады (Б.Нұржекеев, Бір ғана.). С ә л е м, Париж әлемдік биік төрім, Салтанатқа дәл осы үмітті едім. ЮНЕСКО Сәтбаев тойын атап, Ардақтады қазақтың білікті ерін (К. Салықов, Жезкиік.). Қадірлі делегаттар, с ә л е м сізге, келіпсіз байтақ елден бұл съезге. (Қ.Аманжолов). 2. Біреуге айт деп тапсырылатын ауызша ықыласты тілек хабар, амандығы туралы аманат хабар. Қабағында қан қатқан жігіт Қостанайға жер ауған әкесінің ақырғы с ә л е м і н сұрады (Ә.Әзиев, Жез.). Тернополь қаласынан жолдаған жас жауынгер с ә л е м і осы ойды растап тұрғандай көрінеді (А.Жолдасбеков, Әке.). Өмірге онша айтарлық арманым жоқ, Жеттім деп кетпес, сірә, мақсатқа адам. Жас жетті, ұрпақ өсті, жол біздікі, Кезінде болдық Базар жұрт мақтаған. Тағдырға тура келген амал қанша, Жорғасы ем мен өлеңнің алшақтаған, Көрмеген хош болыңдар, қайран халқым! С ә л е м і м сендерге осы бар сақтаған! (Базар жырау, Шығ.). 3. д і н и. Алдымен оң иығына басын бұрып, сонан соң сол иығына бұрылып, «Ассаламаумағалейкум уа рахаматуллах» деп айтып, намаз соңында орындалатын қимыл ишарат [діни аңыз бойынша адамның оң иығында оның сауапты істерін, сол иығында күнәларын амал дәптеріне жазып отыратын екі періште болады, намаз соңында мұсылман адам оларға сәлем беру арқылы ғибадатын аяқтайды; рахматуллах исламдағы періштелердің теңеуі]. Намазда : түргеп тұрғанда сәжде орнына, рүкүһта аяқтарға, отырғанда алдына, с ә л е м д е иықтардың бастарына қарау сауапты (Ислам энқикл.).