СӘЛЕМДЕСУ

lat: SÁLEMDESÝ

з а т. Әдеп жолымен амандық білісу, амандасушылық лттық дәстүрде сәлем әдебі сәлемдесетін адамдардың жасына, қоғамдық мәртебесіне, жынысына, олардың бір-бірімен отбасылық, ресми, құрдастық және т.б. қатынас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болып келеді]. Құрдас, қатарлас ер кісілердің с ә л е м д е с у і бір-бірін көре қалғанда қол беріп, ал көптен көріспеген достар құшақтасып, төс қағыстырып сәлемдеседі (ҚҰЭ). Сәлем әдебі ғасырлар бойы қалыптасқан. Мысалы, үлкен адам мен жасы кіші адамның с ә л е м д е с у і, аттылы мен жаяудың сәлемдесуі, ер мен әйелдің сәлемдесуі және т.б. (ҚҰЭ).