СӘТСІЗДІК

lat: SÁTSİZDİK

зат. Іс-әрекет ойдағыдай, діттегідей болмай шыққандық, жолы болмаушылық.

Алғашқы дауылдан кейін сәтсіздікке кездеспей, кәсіпте оңға басқан-ды Сәрсенбаев, Капитан.).

Сол Мичуриннің өз басына каншама сәтсіздік, сонымен байланысты қаншама өкінішті күндер болған (С.Шаймерденов, Болашақ.).

Жеке бастың кейбір сәтсіздігі ойламаған жерден жақсылыққа бастайтынын Батырбек кейін барып түсінді (А.Жақсыбаев, Егес).

Қаралар таласады ақпен қалай,

Бірдей ме түнек басқан шақпен арай.

Тағдырдан сәтсіздікті елден көрме

Өзіңен ер жігіттің бақ пен талай (Қара өлең).

Сәтсіздіктен қашқақтау түрткісіне бой алдырған адам сол үшін өзінің бастапқы мақсатынан толық не белгілі мөлшерде бас тартуға дейін барады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

Өмірдің барлық сәтсіздіктерін Бақытсыздық деп, кім айтты саған? (М. Шаханов, Ғасыр.).