СӘУЛЕТШІ

lat: SÁÝLETSHİ

зат. Сәулет өнерінің маманы, тас қашап, құрылыс салудың шебері.

Жүздеген жылдар бойы грек халқының өнер шеберлері суретшілер, сәулетшілер, мүсіншілер Альтисті әсемдеуге атсалысқан (Ә.Нұрмаханов, Жекпе-жек).

Жаушы Қаратаудағы әйгілі сәулетшіге барған күні, Ербосын қырық төрт жігітін ертіп қаладан шығуға қамданды (С.Санбаев, Аруана).

Сәулетші дейтін мамандығым бола тұра‚ өтпелі кезеңде жұмыссыз қалған адаммын. Бірақ кейбіреулер секілді қол қусырып отырғанды жөн көрмедім. Сөйттім де бойымдағы өнерімді балтамен кестелеуге тырыстым Жас Алаш»).

Нәзік үндер, тас жауса да үзілме,

Көңіл жуар кеп сызашық, сарқылма!

Жас қалады күйшілердің ізінде,

Тас қалғандай сәулетшінің артында (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).