СЕГІЗ

lat: SEGİZ

сан. Жетіден кейінгі есептік сан.

Ерназардың сегізін көрейін, - деп үйге кірмек болса, табақшылар Төстікті кейін қарай сүйреп, қақпайлай береді (Ер Төстік).

Аңықтың ардақты анасы Айжан дүние салғанда, ол сегіз жаста болатын (М.Мырзақүлов, Ақың).

Автоматымның әрқайсысында оқтаулы сегіз дискасы бар еді (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).

Шәй үстінде пәлендей сөз бола қойған жоқ. Ақсақал сегіз бүктеулі орамал суырып, маңдайын сипай түсіп отырғанда, бай шыны-аяғын төңкерді. (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Осы жолы Совет Одағы Батыры атағын алған жиырманың ішінде сегіз адам қаза тапқан (С.Нұрмағанбетов, Жауынгер.).

Сегізде бала болып ойнап едім,

Тоғызда тайлы суға бойлап едім,

Он бес пен он алтының арасында,

Желкемнен аларын да ойлап едім (Шал ақын, Өлеңд.).

2. сөйл. Тәуліктегі жиырма төрт сағаттың таңғы немесе кешкі жеті мен тоғыздың арасындағы уақыты.

Сегізде жат,

Тоғызда жат,

Онда жат!

Тыныштықта бұзылмайды ұйқың да.

Ұйықтамасаң, отыр дағы күй тыңда (Қ. Мырзалиев, Мәңгі майдан).