СЕЗІМТАЛ

lat: SEZİMTAL

сын. Өте нәзік нәрсені тез аңғара қоятын, тез түсіне білетін байқампаз.

Апам адамға да, малға да жаны ашып, үзіліп тұратын сезімтал, қайрымды кісі еді (Ө.Тұрманжанов, Адам.).

Қыз жүрегі тым нәзік болғанмен сезімтал келетінін есті адамның бәрі біледі (Б.Дәулетбаев, Парыз).

Танып тұрды көрмесе де бір бірін,

Сезімтал ғой нәзік жүрек құрғырың.

Шал қарайды жөткірініп бұларға,

Мен қараймын атылар деп кім бұрын (Е.Ибраһим, Көкше.).