СЕНБІ

lat: SENBİ

зат. Аптаның алтыншы күні.

Орталық көшелерде кісі аяғы сирек, күн сенбі еді (Д.Досжанов, Жібек.).

Жеңгеміз өткен сенбіде төркін жұртына қыдырыстап кеткен (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).

Апта жеті күннен, атап айтқанда: сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндерінен құралады (ҚазССР тарихы).