СЕНБІЛІК

lat: SENBİLİK

зат. Қоғам пайдасы үшін белгілі бір сенбі күні өз еріктерімен көпшілік боп істейтін жүмыс.

1971 жылғы 17 апрельдегі Бүкіл одақтың коммунистік сенбілік КПСС XXIV съезінің және В.И.Лениннің туған күнінің құрметіне өткізілді (Д.Айдаров, Дәуір.).

Алғаш рет Москвадағы Қазан вокзалының теміржолшылары коммунистік сенбілік ұйымдастырды (Ә.Тәкенов, Қазақст.).

Сенбілікке ертерек келген жұрт бір үйінді үстінде шоғырланып тұр (Қ.Исабаев, Жолдас).