СЕНУ

lat: SENÝ

Сен етістігінің қимыл атауы.

Ананы нақ мына келіншектің күйеуі дегенге сену қиын (А.Әлсеров, Алыста.).

Тапсырма берілген адамдарға сену керек (Қ.Тұрсынқұлов, Есіңде ме.).

Сенуі, сенбеу сізде қалды,

Болар менде қандай шара.

Әміріңіздің жетер әлі

десе жанға исара (Ә.Тәжібаев, Поэм.).

Намысқа тырысып, не де болса өз күшіне сенуге бел байлаған (К.Жұмаділов, Көкейкесті).