СЕНУШІ

lat: SENÝSHİ

зат. Сөзге, пікірге иланып қалушы, нанушы.

Бұған мысал дінге сенуші қарттардың жаңа Ай туғанда да:

«Ай көрдім, аман көрдім, баяғыдай заман көрдім.

Ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа»-дейтіні дәлел бола алады (С.Мұқанов, Халық мұр.).

Тіпті қазірдің өзінде де жан бар дегенге сенушілер кездеседі (3.Ақназаров, Ғылыми атеизм.).

Дінге сенушілермен жұмыс жүргізу шағын ғана атеист мұғалімдердің міндеті емес («Қазақст. мект.»).