СЕНІМДІЛІК

lat: SENİMDİLİK

зат. Өзіне не өзгеге сенім артушылық, мығымдық.

Ұлықтарға «кінжізбін, зәріңнен қорқа алмаймын» дегендей сенімділікпен, үлкен салмақпен қарасты (М.Әуезов, Қилы заман).

Дәмемнің кіршіксіз табиғи қуанышын, баладай ақкөңіл, таза жандығын, сонымен қатар өте қызу жастығын, дененің саулығына, өзінің ерекше көркем екендігіне сенімділігін көрсететін күлкі (С.Ерубаев, Менің құрдас.).

Оны толқытқан ананың сөзі емес, сөзіндегі сенімділік (М.Сқақбаев, Қырық қыз).

Көкірегінде шаттық пен сенімділіктің оты тұтанғандай (М.Қаназов, Жер.).