СЕНІМСІЗ

lat: SENİMSİZ

сын. Опасыз, тұрақсыз, тұрлаусыз.

Мені сенімсіз адам деп, қорқатын болсаңыз, өз жөніме кете берейін (С.Омаров, Өмір.).

Дұшпан көп, достымыз аз, халық сенімсіз, я, алла, тура жолға өзің баста! (М.Дулатов, Шығ.).

Демейік қойлардың да ішін аппақ,

Оңай ма Арыстаннан алу ақтап?

Шыққан соң сенімсіз боп, бұл қойларды

Ал енді Арыстанға қалай бақбақ?! (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Ұрыны сенімсіз көріп, қашып кетеді деп, аяғына кісен салушы еді (М.Әуезов, Қараш-қараш.).