СЕНІМСІЗДІК

lat: SENİMSİZDİK

зат. Сенімнен айрылушылық, сенбеушілік.

Өзіне өте сенгіштік, яки сенімсіздік салған жерден көзге түседі, мұндай парық мінезге де өзгешілік береді (Ж.Аймауыт, Шығ. жин.).

Кенет Қоспанның мына топ олардың ісіне де сенімсіздік күдікпен қарайды (М.Әуезов, Қилы заман.).

Сенімсіздік жұрт қолын байлап алды.

Алаулаған жастық от қайда қалды?

Жиырма беске келсе де,

Өз көжесін

Жылап ішер жасықтар пайда болды (М.Шаханов, Ғасырлар).