СЕНІҢКІРЕ

lat: SENİŃKİRE

ет. Сене түсіңкіреу, наныңқырау.

Бірақ қорыққан, үрейленген қараңғы ауыл қанша дегенмен бұл екінші қосынға ішінен шын ашыла сеніңкіремей барлық сұрауларына жауапты сақтықпен берді (С.Сейфуллин, Шығ.).

Ол кісі кешке таман Мишканы алып киноға бар. Мишкаға ойын көрсет деп айтты, деді. Мишка апасына сеніңкіремей қарады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Әйтседе, бұл мәселені Ақжолдың қалай аяқтайтынына сеніңкіремеген жігіттер тез тиылды (Ж.Молдағалиев, Тыңда.).