СЕНІҢШЕ

lat: SENİŃSHE

үст. Сенің ойыңша, сенше.

Ал, сеніңше байларды құртқанда, патшаны қуғанда басшысыз, патшасыз жұрт қалай күн көреді? деді Ысмайыл деген Асылбек болыстың бұрынғы бір малайы (І.Жансүгіров, Шығ.).

Сеніңше қалай, жазықсыз басыммен мен оның аяғына жығылмақпын ба (Ә.Әбішев, Жас түлек.).

Сеніңше тек қана ұл балалармен жолдас болу керек пе (Т.Дәуренбеков, Сүмбіле).