СЕРГІТУ

lat: SERGİTÝ

Сергіт етістігінің қимыл атауы.

Ахмет өлеңдерің еркі билеп, қиял ермегі айдап шығармайды. Ойды оятуға, миды сергітуге, мұңлы мұқтағы, терең мақсат түртіп шығарады (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Әдеті Кенжетайды сергіту үшін өзін-өзі зорлап күліп отырған сияқты (Д.Әбілев, Арман.).

Шай дәрігерлік практикада нерв жүйесін сергіту үшін беріледі (С.Субханбердин, Өсімдік дәрі.).