СЕРІКТЕС

lat: SERİKTES

орт. етіс. Серік-тес.

Тұрар мен Далбай серіктесіп, екі атқа мініп қыз айттырып кетті (Ә.Бөриев, Ақ бидай).

Бұйыртса үшеуіміз серіктес боламыз, деді Омаш (Д.Исабеков, Тіршілік).

Азға сержант Е.Иманғалиев серіктесі тағы бір сержантпен бірге қырық шақты басқыншыны жайратқан еді (Ә.Бектемісов, Жау жаға.).

Уақ қарыз серіктестігінің қызметі кедейлерге ақша таратып беріп отыру ғана емес, серіктестерінің кәсібіне керекті құралдар, саймандар тауып беріп отыру (Абай, Шығ.).

Маған «бәрекелді» десе, осы өзімменен серіктес, сырлас осылар «бәрекелді» дер еді (Абай, Шығ.).

Ол екі арада, кейін көшіп келе жатқан менің серіктесіп шыққан ауылым да сол маңға жетті (С.Сейфуллин, Тар жол тайғақ кешу.).

Бірақ серіктестерінің ішінен мұның істегенін істей алар ешкім байқалмайды (Ғ.Мұстафин, Оянған өлке.).