СОРПА

lat: SORPA

зат. Суға қайнап піскен еттің сөлі шыққан сұйық тамақ.

Аспазшылар ас әкелді. Май, ботқа, сорпа исі аңқып кетті. (М.Жұмабаев, Шығ.).

Қазақ жолаушы жүрмей, қонақтамай, түстенбей, айтқа, тойға бармай, қыдырып ет жемей, қымыз ішпей жүре ала ма? Әрине, мүмкін емес. Олай болса мерез сықылды ауру қазақ өмірінде көбінесе тамақ арқылы жұғады. Қымыз ішсе де, айран ішсе де біріне құйылған аяқпен өзгелеріне де беріледі. Ет жейтін болса жұрттың бәрі бір орамалмен, бір майлықпен қолдарын, ауыздарын сүртіседі, бәрі жабыла бір табақтан ет жейді, бір аяқтан сорпа ішеді, есік жақта отырған бала-шағаға ет асатады (М.Дулатов, Шығ.).

Қойшыға да ұстатты сүйек-саяқ

Ет артынан сорпа ішті бірер аяқ.

Бата қылып, қол жуып болысымен

Еңлік атты ерттеді айтқызбай-ақ (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

«Ет етке, сорпа бетке» деп қазақ ет пен сорпаны маңызды тамақтардың қатарына ертеден қосқандығын айтамызҚазақст. мект.»).

Қазанда жас еттің сорпасы қайнап жатыр (К. Тоқаев, Көмескі.).

Сорпаға, оның есесіне қысты күні сорпаға, көжеге, сарқасқа қылып құрт езіп тойып алса, қора ішіне кемзелшең, көйлекшең шыққанда бойы қыз-қыз қайнап жүреді. (Ж.Аймауыт, І том, 165 бет.).